Жаңалықтар тізбегі
0

Әскерге барудан онлайн арқылы босатылуға болады

ktk.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2020 21:00 ktk.kz
Бұрын осы қызметтерді алу үшін әскери комиссариатқа бару керек еді.

Еlicense.kz электрондық лицензиялау порталында әскери қызметтен босату және әскерге шақыруды кейінге қалдыру қызметтері қолжетімді болды. Енді әскерге шақырылушыларға әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ, оларда бұл қызметтерді онлайн режимінде алуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды zakon.kz "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұрын осы қызметтерді алу үшін әскери комиссариатқа бару керек еді. Әскерге шақырылушылар үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде әскерден босатуды немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыруды алуы үшін біз ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп осы процесті оңтайландырдық. Қызметті 5 жұмыс күні ішінде тегін алуға болады.", - деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметтерді алу үшін elicense.kz порталында авторизациядан өту қажет, кейін "Қауіпсіздік" қосымша бетінде тізімнен қажетті қызметті және мемлекеттік органды таңдау қажет. Әрі қарай, ұсынылған және қосымша өрістерді толтырып, кейінге қалдыру немесе босату себебін, сондай-ақ әскери есепте тұрған орнын көрсетіп, құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеп, ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қою қажет. Шақыру комиссиясы өтінішті қоса берілген файлдармен қарайды және әскери қызметке шақырудан босату немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну туралы қорытынды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту шығарады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: