Назарбаев Бишімбаев туралы: Өкінішті. Оны "Болашақ" бойынша оқыттық, үлкен үміт арттық
www.matritca.kz
Соңғы екi жылда бiзде 2 200 лауазымды тұлға қылмыстық жауапқа тартылды.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев ведомстволар мен ұлттық компаниялардың бірінші басшыларына қарсы сыбайлас жемқорлық туралы істер жөнінде өз ойын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құқықтың сақталуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес осы екі мәселені біз әрқашан күн тәртібінен алып тастай алмаймыз. Расында, бұл бағытта көптеген шаруа атқарылды. Құқық қорғау органдарының жұмысына барлық жағдай жасалды, соның ішінде олардың жалақысы көтерілді, дегенмен қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімсіздігін тудыратын себептер әлі де бар. Осыған байланысты қылмыстық істі қатаң жазалауды төмендету мен ізгілендіру саясатын жалғастыру керек. Өздерің айтасыңдар, батыста 80-90% қылмысты бейбіт жолмен шешеді деп, ал бізде мәселені онсыз да шешуге болғанымен, адамды міндетті түрде қолға түсіріп, қамауға отырғызады», - деді Мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатаң талаптар қойылады.
"Олардың жұмысын сондай. Сондай-ақ олардың беделі мен моральдық-этикалық келбеттері мінсіз болуы керек. Сыбайлас жемқорлықпен белсендi күрестi жалғастыру керек. Соңғы екi жылда бiзде 2 200 лауазымды тұлға қылмыстық жауапқа тартылды. Екі жылдың ішінде 2200 адам. Олардың қатарында министрлер, облыс әкiмдерi мен түрлi деңгейдегi әкiмдер, ведомство басшылары бар", - деді ҚР Президенті.
"Бәріне тоқталмаймыз. Атап айтқанда, қазіргі уақытта сотта Бұрынғы Ұлттық экономиканың министрі мен "Қазавтожолдың" бас директорына қатысты қылмыстық ісі қаралуда. Шынымды айтсам, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа аяушылықпен қараймын, оны оқыттық, «Болашақ» бағдарламасынан өттi, оған үлкен үміт арттық. Міне, осындай жағдай болды. Адамдарды дайындау үшін қаншама уақыт пен қаржы жұмсадық. ҚР ДСМ Геология комитетінің төрағасы, Денсаулық сақтау министрлігінің Дәріханалар комитетінің төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді Н. Назарбаев.
Барлық жаңалықтарды осы сілтемеден оқыңыздар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript