Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында бруцеллезге шалдыққан мал саны артып барады

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2018 15:50 Sputniknews.kz
Мамандардың айтуынша, Арқалық маңындағы эпизоотикалық ахуал күрт нашарлаған.

Қостанай облысында Арқалыққа жақын ауылдарда бруцеллез ауруына шалдыққан малдың саны артып барады, мамандар бұл аурудың белең алғанын айтып дабыл қағып жатыр, деп жазады Sputnik Қазақстан alau.kz-ке сілтеме жасап.

Ресми деректерге сүйенсек, дертке шалдыққан мал саны 1,8%-ды құрайды. Мал иелерінің есебінен ауылдарда тексеру жүргізу туралы әкімдікке ұсыныс айтылғанымен, төрт түлік малдың жартысынан көбі әлі тексерілмепті.

Соның салдарынан жұқпалы дерт тарап бара жатқан көрінеді.

2017 жылдың желтоқсан айының соңында мал сою кезінде мамандар фермадағы ірі қара малдың созылмалы туберкулезге шалдыққанын анықтаған, бірақ шаруа қожалығы әлі күнге дейін жабылған жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: