Қостанай облысында 18 адам бруцеллезге шалдыққан
Сурет: unsplash
Қостанай облысында жыл басынан бері 18 адам бруцеллез жұқтырған, оның үшеуі жас бала, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астана" телеарнасының мәлімдеуінше, бруцеллез Әулиекөл, Наурызым, Қарасу және Қостанай аудандарында тіркелген. Былтыр төрт жағдай анықталған еді. Мамандар оның себебі ауру мал басының көбеюінде деп есептейді.
Ветеринария басқармасының мәліметінше, қазірдің өзінде 800 малдан бруцеллез анықталған. Ал 2022 жылы бар болғаны 160 сиырдан анықталған. Бруцеллез ауру малдан жұғады. Қазір науқастардың барлығы дәрігерлердің бақылауында. Олардың кейбірі ауруханада, кейбірі үйде емделіп жатыр.
"Жануарлармен қарым-қатынаста болған барлық адамдар медициналық тексеруге алынды, яғни клиникалық тексеру жүргізіледі, сондай-ақ бактериологиялық, серологиялық, генетикалық әдіске қан алынды". Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ерекше қауіпті инфекциялар бөлімінің басшысы Әсел Баймұхаметова
Мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысында 12 сиырдан бруцеллез анықталып, шектеу шаралары енгізілген еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript