Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2018 23:01 Хабар 24
Таулы және тау бөктері аудандарында қатты қар жауады.

14-15 ақпанда Жамбыл облысында оңтүстік-шығыс бағыттан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с-тен асады деп күтіледі, деп хабарлайды Хабар 24.

14 ақпанда қар, таулы және тау бөктері аудандарында қатты қар жауады, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.Тараз қаласында 14 ақпанда оңтүстік-шығыс бағыттан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с-тен асады деп күтіледі.

14-15 ақпанда Ақмола облысында қар жауады, кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Астана қаласында 14-15 ақпанда кей уақыттарда қар жауады, бұрқасын күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: