Семейде жолаушылар отырған шағын автобус аударылды
yk-news.kz
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, автобус жүргізушісі «Восточный» базарының қиылысында автобусты басқара алмай қалған.
Бүгін таңертең Семейде қалалық маршрут бойынша келе жатқан шағын автобус жолдан шығып кетіп, аударылды, деп хабарлайды Zakon.kz YK- avto.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, автобус жүргізушісі «Восточный» базарының қиылысында автобусты басқара алмай қалыпты. Полиция қызметкерлері көлікте жолаушылар болғанын хабарлады.
"Қазіргі сәтте қызметкерлеріміз болған жағдай туралы мәліметтерді анықтау бойынша кешенді шаралар жүргізуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізушіден басқа автобуста тоғыз адам болған, үшеуіне медициналық көмек көрсетілді, бірақ жарақаттары ауыр емес", - деп хабарлады Семей ІІМ баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript