19 ақпанда елімізде ауа райы құбылмалы болып, қар жауады

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2018 15:08 Baq.kz
Кей өңірлерде тұман түсіп, бұрқасын болады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның оңтүстік-шығыс, батыс және солтүстік-шығыс өңірлерінде ауа райы құбылмалы болып, кей жерлерде қар жауады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні — 15-20, күндіз ұйытқуы — 23-28 м/с, Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде боран соғады.

Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын.

Батыс Қазақстан облысында синоптиктер тұман түседі деп хабарлайды, боран соғып, көктайғақ болады, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: