Бүгін елімізде құбылмалы ауа райы сақталады
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын түсіп, оңтүстік-шығыс, орталық және шығыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз болмақ, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Кей жерлерде бұрқасын, төменнен соққан боран болады, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста – көктайғақ. Еліміздің басым бөлігінде тұман түседі.
Алматы облысында кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 25 м/с. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман, желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 25 м/с, Жамбыл, Қызылорда облыстарында – көктайғақ.
Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман, төменнен соққан боран, күндіз желдің екпіні 18 м/с. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман, төменнен соққан боран. Атырау облысында кей жерлерде – тұман, көктайғақ. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман.