Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда студенттер мен оқушылардың жұмыс істеу мүмкіндігі кеңейеді

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2018 22:20 ҚазАқпарат
Студенттер мен оқушыларға оқудан бос уақытта да қоғамдық жұмыстарға қатысу мүмкіндігі кеңейтіледі.

Студенттер мен жоғары сынып оқушыларына оқудан бос уақытта қоғамдық жұмыстарға қатысу мүмкіндігі кеңейтіледі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы отырыс барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқылануда.

«Заң жобасында үш кодекске, бес заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Жобадаға өзгерістерге тоқталсақ, біріншіден, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу құралдарын жетілдіру көзделеді. Жұмыспен қамтуға жүгіну рәсімдері жеңілдетіледі. Жұмыс іздеушілер енді жұмыспен қамту орталықтарына «электрондық үкімет» веб-порталымен ғана емес, сонымен ХҚКО-лар арқылы жүгіне алады. Жұмысқа орналасу рәсімін тездету үшін жұмыссыз азамат өзіне ұсынылған жұмысқа келісетіні немесе келіспейтіні туралы мәліметті ұялы телефонмен, сондай-ақ электрондық түрде үш жұмыс күні ішінде хабарлай алады», - деді Мәдина Әбілқасымова.

Мұнымен қоса, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында құрылатын бос жұмыс орындарына мониторинг жүргізу құзыреті орталық және жергілікті атқарушы органдарға берілмек. Сонымен қатар, Еңбек министрлігінің құзыреті бос жұмыс орындары туралы ақпарат ұсыну мен оған мониторинг жүргізу қағидасын бекітумен толықтырылады.

«Студенттер мен жоғары сынып оқушылары үшін жазғы демалыс кезінде ғана емес, оқудан бос уақытта да қоғамдық жұмыстарға қатысу мүмкіндігі кеңейтіледі. Бұған Еңбек кодексінде шектеу жоқ», - деді М. Әбілқасымова.

Осы орайда министр қолданыстағы ержелерге сәйкес, қоғамдық жұмыстарға баруға ниеттілер үш анықтаманы ұсынуы тиіс екенін сөз етті. Оның ішінде оқу орнынан студент белгіленген мерзімде жазғы демалыста жүргендігі туралы растайтын анықтама сұралады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: