Головкин Голливуд жұлдызына қолтаңбасы қойылған қолғап сыйлады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2018 22:49 Сурет: zakon.kz
Геннадий Головкин голливуд жұлдызына қазақтың ою-өрнегі бар қолғап сыйлап, қолтаңбасын берді.

Боксшы Геннадий Головкин танымал америкалық актер әрі продюсер Марк Уолбергпен кездесті. Кездесу жайлы GGG өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Геннадий Головкин голливуд жұлдызына қазақтың ою-өрнегі бар қолғап сыйлап, қолтаңбасын берді.

«Сені көргеніме қуаныштымын. Чемпион әрі нағыз адам Марк», – деп бөлісті Головкин.

Айта кетейік, былтыр Головкин мен Альварес кездесуінен кейін Уолберг отандасымызға қолдау білдірген болатын.

«GGG жеңіске жетті. Нашар шешім, бірақ бокс үшін реванш алудың таптырмас мүмкіндігі», – деп жазған еді актер.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: