Ақтөбе облысында мектеп-гимназияларға батырлардың есімі беріледі
Аktobenews.kz
Қобда орта мектебі Исатай Тайманұлы атындағы орта мектеп болып өзгереді.
Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы мектеп-гимназияларына Қобыланды батыр, Исатай батырдың есімдері беріледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Биыл Қобда гимназиясы Қобыланды батыр, Қобда орта мектебі Исатай Тайманұлы атындағы орта мектеп болып өзгереді.
«Бүгінгі таңда ономастика саласында ономастикалық критерийлер нақтыланып, атауларды біріздендіру қағидаттары бекітілді. Атау беру ісінде адам есімдерін беруге шектеу қойылған. Бірақ қоғамда патриоттық рухты нығайту, ел тарихын қастерлеу мақсатында мемлекеттілікті қалыптастыруға, тарихи-мәдени дамуға зор үлес қосқан жалпы ұлттық деңгейдегі тарихи тұлғалар, саяси қоғам қайраткерлерінің есімдерін беру рұқсат бар. Осы ретте екі тұлғаны Ақтөбе облысы ғана емес, ел таниды. Қобыланды батыр Әбілқайыр ханның әскери қолбасшысы болған. Исатай Тайманов – ұлт-азаматтық қозғалыстың қолбасшысы. Облыс аумағында бұл есімдер ешқандай білім беру обьектілерге берілмеген», — деді облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшсы Гүлайым Төлебаева.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының бірқатар көшесіне атау беріледі. Жалпы 206 қала көшелеріне атау беруге республикалық ономастикалық комиссиясының оң қорытындысын алды.
Ақтөбе облысы бойынша алдымен 69 атаусыз көшеге атау беріледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript