Атырау облысында болған өрттен 6 адам қаза тапты

Вnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2018 18:53 Вnews.kz
Өрттің себептері анықталуда.

2 наурызда сағат 08.41-де Қызылқұйған ауданындағы Қарабатан электрстансасының газқұбыры құрылыс алаңындағы контейнер тұрпатты жатақханасында өрт шықты, деп хабарлайды Вnews.kz ҚР ІІМ ТЖК ресми өкіліне сілтеме жасап.

Өрт кезінде жатақханада жұмысшылардың түңгі кезегі – шамамен 20 адам болған, оның алтауын күйік шалып Атыраудағы облыстық ауруханаға жөнелтілді. Өрт орнында алты адамның денесі табылды. Қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 10.25-те ауыздықталып, сағат 10.45-те толығымен өшірілді.

Өрттің себептері анықталуда. Өртпен күреске Атырау облысы өрт сөндіру қызметінің 11 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: