Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты сенбі күні батыста, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және еліміздің солтүстігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерде қар жауып, бірқатар аймақта тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Елдің солтүстігінде боран соғады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жеріне тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, боран соғуы ықтимал.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының бірқатар аймағында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы, Маңғыстау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде тұман түсуі ықтимал.