Құрылысшылардың балаларды құтқару оқиғасы: «Батырлар» марапатталды
www.inform.kz
Құрылыс компаниясының баспасөз хатшысы Айнұр Әшімованың айтуынша, құрылысшыларды астаналық әкімдік те марапаттайды.
Астанадағы жаңа үйден шыққан өрттен үш баланы құтқарған құрылысшылар өздері жұмыс істейтін компания тарапынан марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Олар еш сақтандырусыз, керек жабдықтарсыз балаларды құтқаруға ұмтылған. Компаниямыздың атынан BI Development басқарма төрағасы Амангелді Омаров өз бастарын қатерге тігіп, балаларды аман алып қалған компания қызметкерлері - Руслан Жалбақов, Жасұлан Байсейітов, Ақылбек Жақайымов, Руслан Беріковті және Әділбек Дағыстанды марапаттап, ақшалай сыйақы берді. Біздің құрылысшылар өте епті қимылдап, құтқару жұмысын ойдағыдай жүргізді. Бұл сәтте Otau Development Group қызметкерлері құрылысшылар құлап кетпесін деп, төменде брезент жаппа ұстап тұрды», - делінген компания хабарламасында.
Құрылыс компаниясының баспасөз хатшысы Айнұр Әшімованың айтуынша, құрылысшыларды астаналық әкімдік те марапаттайды.
Еске сала кетсек, кеше «Nova City» көпқабатты тұрғын үй кешенінің 7 қабатынан өрт шықты. Көршілес ғимаратты тұрғызып жатқан құрылысшылар өрт шыққан пәтерге өрмелеген және балалар мен әйелді терезе арқылы төменгі қабатқа түсірген.
Құтқару сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен таралды. «Nova City» көпқабатты тұрғын үй жобасымен Bi Group компаниясы құрамындағы Otau Development Group айналысады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript