Дәурен Бабамұратов: Елбасы жүктеген 5 негізгі тапсырманың әлеуметтік маңызы зор
24.kz
Астанада «Қазақстан-2050» демократиялық күштері жалпыұлттық коалициясының отырысы өтеді.
Жиынның күн тәртібіндегі басты тақырып – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жариялаған үндеуіндегі 5 әлеуметтік бастама. Басқосуға депутаттар, саяси партия мүшелері мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысады деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.
«Президент жүктеген 5 негізгі тапсырманың әлеуметтік маңызы зор. Әсіресе, ауыл халқына қолжетімді несие беру ауылдың ахуалын жақсартуға айтарлықтай әсер етеді. Екіншіден, білім гранттарының артуы жоғарғы оқу орындарына түсе алмай жүрген жастардың саны артып, білікті кадр дайындауға мүмкіндік береді», – дейді саясаттанушы Дәурен Бабамұратов.
Дәурен Бабамұратов, саясаттанушы:– Біздің айтарымыз іске сәт. Осының барлығын «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді. Барлығымыз кірісе кетіп жүзеге асыруға атсалысу керекпіз. Себебі айту бір бөлек. Жүзеге асыру көбіне елге, халыққа, қала берді биліктің өзіне байланысты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript