Жаңалықтар тізбегі
0

Бердібек Сапарбаев: Елбасының бастамасы халықтың өзекті мәселелерін шешеді

«Ақтөбе ақпарат» орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2018 23:23 «Ақтөбе ақпарат» орталығы
Облыс әкімі бес әлеуметтік бастама қазіргі таңда қазақстандықтарды толғандырып отырған әрі олардың тұрмысына әсер ететін мәселелерді шешуге бағытталғанын айтты.

Кеше «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін талқылау бойынша актив жиыны өтті. Жиынға басқарма басшылары мен депутаттар, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіпорын, құрылыс компанияларының басшылары, банк және қаржы институттарының, жоғары оқу орындарының өкілдері, жастар қатысты, деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Жиынды ашқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының жүргізіп отырған негізгі саясаты — халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын айта келе: «Соңғы кезде қандай бір қиындықтар, дағдарыстар болса да, Қазақстан өзінің негізгі бағытынан тайған жоқ. Көптеген дамыған мемлекеттерде ондаған кәсіпорындар жабылып, мыңдаған жұмысшылар жұмыссыз қалып, жалақы мен зейнетақының мөлшерлері кеміген кезде, Қазақстанда керісінше, жалақы да, зейнетақы да көбейді. Оның барлығының негізгі мақсаты — халықтың тұрмысын жақсарту, - деп Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің мәні мен маңызын жан-жақты түсіндіріп өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2018 23:23

Облыс әкімі бес әлеуметтік бастама қазіргі таңда қазақстандықтарды толғандырып отырған әрі олардың тұрмысына әсер ететін мәселелерді шешуге бағытталғанын айтты.

—Қазіргі таңда облыста 32 мың адам баспана алу кезегінде тұрса, соның 22 мыңға жуығы — Ақтөбе қаласында. Былтыр біз облыста бірінші рет кеңес заманы кезінде болмаған 793 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бердік. Биылғы жылға қойып отырған мақсатымыз — ең кем дегенде 850 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру. Бұл — ең кем дегенде 22 мың ақтөбелік жаңа пәтермен қамтылады деген сөз.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2018 23:23

Өңір басшысы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, биыл өткен екі айда облыс экономикасының өсу қарқыны жоғарылағанын айтып өтті.

Облыс әкімі Мемлекет басшысы Үндеуіндегі екінші мәселе — жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайтуға қатысты: Бұл — үлкен жеңілдік. Бұл орайда біз өз өңірімізді қарап көрдік. Осы тәсілмен ең кем дегенде 100 мыңға жуық ақтөбелік жеңілдік алатын болады. Бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін», — деді.

Президенттің Үндеуіндегі үшінші бастама — жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту. Бұл орайда облыс әкімі еліміз бәсекеге қабілетті мемлекет болуы үшін кадр мәселесін жан-жақты шешу керектігін, әсіресе халықаралық стандартқа сәйкес келетін маман даярлануы қажет екенін ерекше атады. Облыс әкімінің айтуынша, қазіргі күні аймақтағы білім беру ұйымдарында 49 мыңға жуық студент білім алады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2018 23:23

Үндеуде айтылған төртінші бастама — шағын несие беруді көбейту. Бердібек Машбекұлының Елбасының Қазақстанда экономикалық белсенді халықтың 50 пайызы шағын және орта бизнеспен айналысуы керек деген тапсырмасын алға тартып, кәсіпкерлердің жеңілдіктерді пайдаланып, санын көбейту жайында тапсырма берді.

Бердібек Сапарбаев Президент Үндеуіндегі маңызды мәселе елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру ісі туралы айтып өтті. «Қазір республикада халықты газбен қамтамасыз ету көрсеткіші шамамен 55 пайыз болса, бізде бұл көрсеткіш — 88 пайыз. Президент халыққа арнаған Үндеуінде еліміздің 9 облысы газбен қамтамасыз етілгены.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2018 23:23

Актив барысында сөз алған студенттер, құрылысшылар, кәсіпкерлер, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері Елбасы Үндеуіне үн қосып, бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.

Активті қорытындылаған сөзінде облыс әкімі Елбасы Үндеуінде айтылған тапсырмаларды орындауға күш салу керектігін, ол үшін ақтөбеліктерді бірлікте, ынтымақта жұмыс жасауға шақырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: