Жаңалықтар тізбегі
0

Бердібек Сапарбаев журналистерді марапаттады

gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2021 19:02 gov.kz
Қазіргі таңда облыста түрлі деңгейдегі 85 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген десек, олардың әрқайсысы өз бағыттары бойынша жұмыс атқаруда.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев алдағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай бірқатар жергілікті журналистер қауымымен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Т. Рысқұлов ауданындағы «Тау самалы» демалыс орны аумағында өткен шараға республикалық, облыстық газеттер мен телеарналардың меншікті тілшілері, өкілдері қатысты.

Өз кезегінде аймақ басшысы төртінші билік өкілдерінің қоғамдағы жоғарғы орнын атап өтіп, олардың жұмысының маңыздылығын тілге тиек етті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2021 19:02

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, әлемдегі, айналадағы, оқиғаларды хабарлап отыратын, қоғам мен үкіметті байланыстыратын сала – журналистика екені сөзсіз.

Сіздер ешқандай қиындыққа қарамай, өз кәсіптеріңізге деген аса сүйіспеншілкпен жұмыс жасап келесіздер. Пандемия жағдайында да төнген қауіпті елемей, халыққа шынайы әрі шұғыл ақпарат таратуда аянбай еңбек еттіңіздер.

Бүгінде өмірімізге етене еніп жатқан жаңа технологиялар ақпарат саласына да жаңа талаптар мен мүмкіндіктер беруде десек, өңірдегі дәстүрлі журналистика бұл үдерісті тиімді игеруде.

Қазіргі таңда облыста түрлі деңгейдегі 85 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген десек, олардың әрқайсысы өз бағыттары бойынша жұмыс атқаруда. 100 жылдан астам тарихы бар облыстық «Знамя труда» газеті, келер жылы бір ғасырлық мерейтойын атап өткелі отырған «Ақ жол» газетінде көптеген қайраткер-тұлғалардың ізі қалғаны біз үшін үлкен мәртебе. «Арай» жастар газетінің де алар асуы алда деп білемін. Сол секілді жергілікті «Jambyl» телеарнасы талай талаттарды түлеткен қара шаңырақ десек, «77TV» мен «Тараз 24» телеарналары жас журналистердің шеберханасына айналып үлгерді. Өңірегі БАҚ тізімі жыл сайын толығып отырғаны да бізді қуантады. Ол бәсекелестік пен сапаның артуы мүмкіндік ашады, - деген Бердібек Сапарбаев өзінің БАҚ өкілдеріне әрдайым ашық екенін, олармен тығыз байланыста жұмыс атқарып келе жатқандығын баса айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы драматург Елен Әлімжан, жазушы, «Жамбыл» журналының бас редакторы Несіпбек Дәутаев та журналистиканың маңыздылығына тоқталып, жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бұдан соң ақпарат саласында елеулі еңбек етіп жүрген бір топ журналистерге түрлі марапаттар табысталды. Атап айтсақ, ардагер-журналистер Құрманбек Әлімжан мен Мейірбек Мәтенов «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, ал республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Хамит Есаман, облыстық «JAMBYL» телеарнасының директорының орынбасары-бас редактор Айбол Қарашев, «АРАЙ» газетінің бас редакторы Дәулет Төленді, Тараз қалалық «Jambyl-Тaraz» газетінің директор-бас редакторы Эльмира Мырза-Ғали, Талас аудандық «Талас тынысы» газетінің директор-бас редакторы Дүйсенәлі Молдақұловтар «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2021 19:02

Сондай-ақ, басқа да сала қызметкерлеріне ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің, облыс әкімінің, мәслихаттың Құрмет грамоталары, облыс әкімінің Алғыс хаттары табыс етіліп, мерейлері тасыды.

Кездесу орамды ойлар мен пайымды ұсыныс-пікірлер ортаға салынған еркін форматтағы сұхбатқа ұласты.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев БАҚ өкілдері арасында өткен Шерхан Мұртаза атындағы дәстүрлі спартакиаданың жеңімпаздарын марапаттады. Барлық ойындардың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бірінші орынды “Taraz press”, екінші орынды "Taraz 24", үшінші орынды "Jambyl TV" құрамасы иеленді. Айта кетейік, жарысқа барлығы 8 команда қатысты десек, олардың құрамында 130-дан астам ойыншы болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: