Еліміздің 9 облысында ескерту жарияланды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2018 21:56 ҚазАқпарат
Еріген қар суы жиналып, су деңгейі көтеріліп, алқаптарға жайылуы мүмкін.

Қазақстанның 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

16-18 наурыз күндері Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жауын-шашын болып, кей жерлерде күшеюіне және күннің жылынуына байланысты қарлар еріп, өзендердің арнасынан тасып, шабындықтарға жайылу қаупі бар.

Сондай-ақ, 16-17 наурызда Қарағанды облысында жауын-шашын болып, облыстың оңтүстігінде күшеюіне және күннің жылынуына байланысты қарлар еріп, өзендердің арнасынан тасып, шабындықтарға жайылу қаупі бар.

17-18 наурызда Қостанай және Ақтөбе облыстарында жауын-шашын болып, кей жерлерде күшеюіне және күннің жылынуына байланысты қарлар еріп, өзендердің арнасынан тасып, шабындықтарға жайылу қаупі бар.

18 наурызда Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болып, кей жерлерде күшеюіне және күннің жылынуына байланысты қарлар еріп, өзендердің арнасынан тасып, шабындықтарға жайылу қаупі бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: