Жаңалықтар тізбегі
0

Елордалық бейнебақылау камералары қары тазаланбаған 450 ауланы анықтады

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2018 15:24 elorda.info
Қалалық мониторинг және жедел әреке ету орталығы 14 ақпаннан бастап қардың уақытылы тазалауын қадағалауда жаңа тәсіліне көшті.

Астананың мониторинг және жедел әрекет ету орталығының бейнебақылау камералары қала аумағында қардан тазаланбаған 450 ауланы анықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қалалық мониторинг және жедел әреке ету орталығы 14 ақпаннан бастап қардың уақытылы тазалауын қадағалауда жаңа тәсіліне көшті. Соның арқасында қар тазалайтын коммуналдық қызметтердің жұмысы үйлестіріліп, алдағы уақытта қаланың қар суының астында қалу қаупінің алдын алу шаралары жүзеге асырылуда», - делінген орталық хабарламасында.

«Бақылауды енгізген уақыттан бастап қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы тұрғын үй аулалары мен мектеп, базар мен көшелерде дер кезінде тазартылмаған 450 қарлы аумақ анықталды», - деді орталықта.

Орталықтың мәселені дер кезінде үйлестіру қызметінің арқасында аталған бұзушылықтар дер кезінде жойылды.

Айта кетейік, елорда тұрғындары қала аумағында қары уақытылы жиналып, тазартылмаған аумақтар туралы Астана әкімдігінің бірыңғай байланыс орталығына:

-109 нөміріне хабарласып;

- Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде #astana109 хэштегі арқылы белгілей алады;

-Facebook: http://m.me/astana109 , Telegram: https://t.me/astana109bot чат-боттары арқылы хабарласа алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: