Жаңалықтар тізбегі
0

Мектеп журналы электрондық нұсқада жүргiзiлсе, оны қағаз түрiнде толтыруға тыйым салынады - БҒМ

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2018 17:04 Baq.kz
Барлығы шамамен 3,5 миллион адам күн сайын (электрондық күнделiктi - авт.) қолданады.

Бiз электрондық журналды қағаз есепке теңестiрдiк. Цифрландыру тақырыбына арналған Үкiмет сағатында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Төрт мыңнан астам мектепте электрондық күнделiк енгiзiлдi. Барлығы шамамен 3,5 миллион адам күн сайын (электрондық күнделiктi - авт.) қолданады. Олар: мұғалiмдер, оқушылар және ата-аналар. Мен бұған дейiн айтқандай, ең алыс ауылдарға электрондық күнделiктi, барлық пәндер бойынша үздiк видеосабақтарды қолжетiмдi ету мiндеті тұр. Қазiр бұл бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Бiз электрондық журналды қағаз есепке теңестiрдiк. Егер мектеп электрондық жүйеге және кең жолақты интернетке қосылған болса, мектеп журналын тек электрондық нұсқада жүргiзуге болады, солай ету керек те. Оны тағы қағаз түрiнде толтыру қажет емес және тыйым салынады. Тиiстi бұйрық қабылданды. Осы бұйрықты бәрiңiз бiлесiздер. Осы туралы көп уақыттан берi мұғалiмдер мен депутаттар сұраған болатын», - дедi Сағадиев.

Министрдiң айтуынша, бүгiнгi күнi мектеп мұғалiмдерi жүргiзетiн құжаттар бекiтiлген.

«Олар тек қана 5 құжатты толтырады және электронды жүйеге қосылған болса, барлығын электрондық түрде жүргiзуге мүмкiндiгi бар. Осыған да тиiстi бұйрық қабылданды. Алдағы уақытта мұғалiмдердің өз функцияларына сәйкес емес жұмыстарды iстемеуiн барлық деңгейдегi басшылар өз бақылауында ұстау керек», - дедi Ерлан Сағадиев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: