Арсен Алагөзов әкесін үйден қуып шықпақ

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2018 17:52 Stan.kz
Азаматтық іс қозғалды.

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтың ұлы Арсен әкесін үйінен қуып шыққысы келеді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Жоғарғы Сотының сот базасына сілтеме жасап.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2018 17:52

2 наурыз күні Алматы қаласы Бостандық ауданының сотына Тұрсынғали Алагөзовтің атына ұлы Арсен Алагөзовтен шағым түскен. Арсен Алагөзов әкесін тұрып жатқан үйінен қуып шығуды қалайтынын жазған.

2018 жылы 7 наурызда сот шешімі талап арызы ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 148-бабының талаптарына сәйкес келетіндігін көрстті. Талап арызды қайтару немесе бас тартуға негіз жоқ.

«Осыған байланысты талап арыз сот өндірісіне жіберіліп, азаматтық іс қозғалды», - делінген құжатта.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2018 17:52

Азаматтық істі сот талқылауына дайындау туралы анықтамада 2018 жылғы 29 наурызда екі тараптың сотқа шақырылғаны айтылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: