Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан тумасы гранатаны денесімен жауып қалып, ерлікпен қаза тапты

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2018 19:02 stan.kz
Гранатаның жарылуының салдарынан офицер ауыр жарақат алған.

Ресейдің Белгород облысында Қарағанды тумасы сарбазды ерлікпен аман алып қалды. Ол жарылғыш затты өз денесімен жауып қалған. Бұл туралы Версия басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

20 наурызда сарбаздар полигонда әскери дайындықпен айналысып жүріп, әскери гранатаны лақтыруды үйренген.

Сарбаздардың бірі гранатаның мұрындығын тартып қалып, сасқаннан жарылғыш затты қолынан түсіріп алған. Осы кезде майор Владимир Чупин жылдам әрекет етіп, сарбазды жарылғыш заттан денесімен қалқалап қалған.

Гранатаның жарылуының салдарынан офицер ауыр жарақат алған. Дәрігерлер майордың өмірі үшін күрескенімен, ол қайтыс болып кетті.

Баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, гранатаны құлатып алған сарбаз зардап шекпепті.

Чупин қоластындағылардың қауіпсіздігі үшін алаңдағандықтан, полигонға барған. Ол сарбаздар граната лақтыруды үйренген кезде жандарында болғысы келіпті.

Владимир Чупин 1975 жылы 23 шілдеде Қарағандыда дүниеге келген. Новосибирскідегі әскери училищені тәмамдап, командирлік мамандықтан бөлек, заңгер-құқықтанушы мамандығына да ие болыпты.

Сарбаздың өмірін құтқарып қалған қаһарман марапатқа ұсынылды. Оның артында әйелі мен 2 баласы қалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: