Мемлекет басшысы Ресей Президенті В.Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2018 18:37 Хабар 24
Қазақстан президенті Кемерово қаласының ойын-сауық орталығында орын алған өрттің салдарынан қаза тапқан адамдар туралы хабарды терең қайғымен қабыл алды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Кемерово қаласындағы ойын-сауық орталығындағы өрттен адамдардың қаза болуына байланысты Ресей Президенті В.Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елбасы Кемерово қаласының ойын-сауық орталығында орын алған өрттің салдарынан қаза тапқан адамдар туралы хабарды терең қайғымен қабыл алды.

«Қазақстан халқының атынан және өзімнің атымнан қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендерге тезірек сауығып, отбасыларына қайта оралуын тілеймін», - делінген жеделхатта.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: