Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

qamshy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2018 15:34 qamshy.kz
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, қар жауып, Батыс Қазақстанда және еліміздің оңтүстік-батысында күн ашық болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, түнде тұман, көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, түнде көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерде тұман түсіп, Алматы облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: