Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбені екі ауданға бөлу жоспарланып отыр

Вnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2018 17:16 Вnews.kz
Ақтөбе агломерациясы аясында қаланы екі ауданға бөлу және оларды дамыту мәселесі облыстық мәслихатта талқыланады.

Ақтөбе қаласын екі ауданға бөлу жоспарлануда. Бес ауылдық округ, яғни Благодар, Қарғалы, Қурайлы, Жаңақоныс және Сазды елді мекендері біріктіріліп, екі ауданды дамыту жоспары облыстық мәслихатта талқыланады. Әзірге аудандарға атау берілмеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Ақтөбе агломерациясы аясында қаланы екі ауданға бөлу жоспарланған. Қазір оның атауы белгісіз күйінде қалып отыр. Аудан-1, Аудан-2 атауымен жоспар құру басталды.

"Соңғы 10 жылда қала тұрғындарының саны 306 мыңнан 477 мың адамға дейін өсті. Жыл сайын халық саны 10-15 мың адамға артып отыр. Ақтөбе агломерация орталығы миллион тұрғыны бар қала болады. Мұнда шағын және орта бизнес белсенді түрде дамып келеді. Әр жылда 2000-нан астам жаңа бизнес субъектілері ашылады. Қалада тұрғын үй құрылысының белсенді дамуы байқалады. Соңғы бес жыл ішінде 2,2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Қысқа мерзімде "Батыс" және "Нұр-Ақтөбе" шағын аудандары салынды. Қазіргі таңда осында 60 мыңнан астам адам тұрады. Бұл қала тұрғындарының қажеттіліктеріне тез жауап беруді міндеттейді. Қаланың өмірін және дамуын тиімді қамтамасыз ету үшін Ақтөбе қаласын екі ауданға бөлуге болады. Ол қаланың аумақтық тұтастығын, бүкіл қаланы бақылауды, жалпыұлттық қызметтер аумақтық ұйымдастыру және төтенше жағдайлар кезінде күштерді жедел ұйымдастыруды қамтамасыз етеді", - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 1988 жылға дейін Ақтөбеде екі аудан болған. Ол кезде аудандар Пролетарлық және Фрунзе деп аталды. Бүгінгі күні мұндай аудандар Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларында бар.

"Қала маңындағы елді мекендерді (Благодар, Қарғалы, Қурайлы, Жаңақоныс және Сазды) Ақтөбе қаласына қосу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Ақтөбе қаласынан ауылдық округтердің қашықтығы 2-ден 25 шақырымға дейінгі қашықтықта орналасқан. Жаңа тұрғын үй кешендерін және жеке тұрғын үй құрылысын дамыту есебінен Ақтөбе қаласымен 2 ауылдық округ (Қарғалы, Новый) біріктірілді, ауылдық округтердің қашықтығы 2-5 шақырым аралығын құрайды", - деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінде.

Жоғарыда аталған екі ауылда тұрғын үй құрылысының дамуына байланысты жеке қосалқы алаңдарда малдың жайылымдары қысқартылды. Ауылдық округтерде дамыған инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымы бар, бұл шағын және орта бизнестің, жылыжайлардың, шағын тауарлы сүт фермаларының дамуына ықпал етеді. Екі ауданды құру салық пен басқа да төлемдерді, сондай-ақ белсенді ШОБ субъектілерінің санын көбейтуге мүмкіндік береді. Ақтөбе қаласы тұрғындарына қызмет көрсету сапасы артады. Алдағы уақытта бұл сұрақ облыстық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясында қаралады. Заңнамаға сәйкес қоғамдық тыңдалымдар өткізіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: