Павлодарда қараусыз қалған қыз бала ысты газдан уланып қалды
www.pavlodarnews.kz
Баспасөз қызметкері ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Павлодарда Бекхожин көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт орын алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бір бөлмелі пәтердің кіреберіс есігіндегі қоңырау қорабындағы электр сымдары тұйықталған. Салдарынан 0,4 метр жанып, қоңыраудың пластик қорабы балқып кеткен. Оқыс оқиға туралы «112» нөміріне тұрғындар хабарлаған.
- Тілсіз жау сағат шамамен түскі 12-де өрт сөндірушілер бөлімшесі келгенге дейін сөндірілген. Құтқарушылар пәтерге сегізінші қабаттағы балкон арқылы кірді. Үйде 13 жастағы қыз және екі жасар ұл бақылаусыз қалған. Облыстық балалар ауруханасының соматика бөлімшесіне жеңіл дәрежеде улану диагнозымен қыз бала жеткізілді, - деді департаментте.
Баспасөз қызметкері ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Ақбота Сейсенбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript