Кемероводағы сауда орталығында өрт шыққан сәт видеоға түсіп қалған
Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт шыққан сәт видеоға түсіп қалған. Бейнежазбадан өрттің қалай шыққанын көруге болады, деп жазады Stan.kz.
Видео желіде жарияланды.
Видеодан өрттің балалар ойын бөлмесінен шыққанын көруге болады. Оны көрген адамдар жаппай қаша жөнелді. Жалын ғимаратқа жылдам таралды.
Ресейдің тергеу комитеті сауда орталығының өрт дабылын сөндірген күзетшіге қатысты мәселені шешіп жатыр.
Қазірге дейін 70-тен аса куәгерден жауап алынды. Әлі де алынып жатыр.
Өрттің негізгі себебі барлық куәгерден жауап алғаннан кейін және сот сараптамасының нәтижелері шыққаннан соң белгілі болды. Сондай-ақ жақын арада орталық аппараттың қызметкерлері арнайы құралдарды пайдаланып, оқиға болған жерді тексереді.
Соңғы деректер бойынша, қаза тапқандардың саны 76 адамға жетті. Өрт кезінде түрлі жарақат алған науқастар ауруханада емделіп жатыр.