Жаңалықтар тізбегі
0

Министр жезөкшелерді қамшымен сабаған рэперге кеңес берді

caravan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2018 22:56 caravan.kz
Танымал рэпер Жан Ахмадиев бейнебаянында қамшымен жол бойында тұрған түнгі көбелектерді сабаған.

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабаған белгілі рэпер Жан Ахмадиевтің бейнеклипіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Егер біз барлық жағдайды жасағанда, ол қыздар көшеде тұрмайтын еді. Біз, керісінше, олардың өз мамандықтарымен айналысуына көмектесуіміз керек. Мұндай жағдайдың көпшілікке тарағаны өкінішті-ақ әрине. Мүмкін ол (рэпер – автор ескерп.) өзінің атын шығарғысы келген шығар. Оның орнына сол қыздарға жақсы жұмыс тауып берсін, жағдай жасасын", — деп кеңес берді министр "Жас Отан" жастар қанатының IV съезінен кейін.

Мұхамедиұлы рэперді жазалау-жазаламау құқық қорғау органдарының құзыретіндегі мәселе екенін атап өтті.

"Мен азамат ретінде мүлде қолдамаймын", — деді министр.

Еске салып өтсек, "Қазақпыз ғой" YouTube-арнасында "жезөкшелерді қамшымен қуып жүрген" рэпердің видеосы жарияланды. Бейнежазбада Жан Ахмадиев қаланы аралап жүріп, жолдың шетінде тұрған жезөкшелермен сөйлеседі. Әңгіме барысында ол кенеттен қамшы алып шығып, қыздардың бірін сабай бастайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: