Атыраулық әйел аулада шынжырда тұрған итті күрекпен сабаған

Атыраулық әйел аулада шынжырда тұрған итті күрекпен сабаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2026 10:15 Сурет: freepik
Атырауда қорғансыз жануарға жасалған қатыгездік жұрттың жағасын ұстатты. Үй ауласында шынжырда тұрған итті әйел күрекпен сабаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаны куәгерлердің бірі телефон камерасына түсіріп алған. Онда әйелдің дәрменсіз жануарды тоқтаусыз ұрып жатқанын анық көруге болады. КТК дерегіне сүйенсек, оқиға орнына тәртіп сақшылары да жедел жетіпті. Алайда ашулы әйел олардың заңды талабына бағынбай, қарсылық көрсеткен. Осы әрекеті үшін 39 жастағы қала тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылды.

Жануарға көрсетілген қатыгездік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Итке ветеринар мамандардың тарапынан көмек көрсетілді.

Бұған дейін Қызылордада құрғақ шөп өртеніп, оттың жақын маңдағы нысандарға таралу қаупі туындағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: