Қызылордада құрғақ шөп өртеніп, оттың жақын маңдағы нысандарға таралу қаупі туындаған
Сурет: freepik
2026 жылы 1 сәуірде Қызылорда облыстық ТЖД-ның шұғыл байланыс желісіне Қызылорда қаласы маңында құрғақ шөптің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, от Сталин каналы бойында пайда болған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келіп жеткенде шөп жамылғысы, ағаштар мен қалың өсімдіктердің жанып жатқанын, өрттің жақын орналасқан әкімшілік нысандары мен жеке тұрғын үйлерге таралу қаупі болғанын анықтады.
"Канал бойындағы жану ошақтарын сөндіру үшін қайық тартылып, қабылданған жедел шаралардың арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Бұл өрттің таралуына және ғимараттар маңында ірі өрттердің туындауына жол бермеуге мүмкіндік берді. Жүргізілген іс-шаралар барысында кінәлі тұлға анықталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, құрғақ өсімдіктерді өртеуге жол бермеуді және ашық от көздерін қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Бұған дейін Оралда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден әйелді аман-есен алып шыққаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript