Өскеменде әйел беті ашық тұрған кәріз құдығына құлап кетті

ШҚО ТЖД, кәріз құдығы, әйел, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2023 09:43 Сурет: видеодан скриншот
Өскеменде әйел адам ашық тұрған құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс жағдай Қабанбай батыр мен Новаторлар көшесінің қиылысында болған.

"1972 жылы туған әйел серуендеп жүрген кезде байқамай құдыққа құлап кеткен. Жанындағы ер адам ТЖ қызметін шақырған", – делінген хабарламада.

ШҚО ТЖД мамандандырылған жасақ қызметкерлері құтқару жабдығымен әйелді шамамен 5 м болатын кәріз құдығынан шығарып алып, жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: