Жаңалықтар тізбегі
0

Талғарда күтуші мүгедек баланы жаялықпен тұншықтырып өлтірген

Sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2018 16:41 Sn.kz
Күтуші әйел өзіне тағылған айыпты толық мойындапты.

Талғардағы жантүршігерлік қылмысқа қатысты жаңа деректер пайда болды. Интернатта тәрбиеленетін 8 жасар мүгедек баланы өлтірді деп айыпталып жатқан күтуші әйел өзіне тағылған айыпты толық мойындапты, деп хабарлайды Sn.kz.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол кішкентай баланы жаялықпен тұншықтырып өлтірген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 29 жастағы әйел 21 наурызда түнгі ауысымда жұмыс істеген. Ол екі баланы ұйықтата алмай қойыпты. Олардың бірі кереуетте секіріп, ойнағысы келген екен. Жүйкесі сыр берген әйел оны ұрып, жаялықпен буындырып тастаған. Марқұм 17 наурызда 8 жасқа толыпты.

Әйел 24 наурызда ұсталған. Осы күні оған айып тағылып, кешкі 21:20-да қамауға алынғаны белгілі болып отыр. Қазір ол қылмыстық атқару жүйесінің ЛА-155/18 мекемесінде отыр. Алматы облысының соты бұған дейін күтушінің 2 айға қамауға алынғанын мәлімдеген болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: