Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-дағы су тасқыны бойынша соңғы деректер қандай?

kaz.altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2018 20:55 kaz.altaynews.kz
Табиғаттың тосын сыйымен күреске Ұлттық гвардияның 60 жасақшысы тартылды.

Облыстың қалалары мен аудандарында болып жатқан қарғын сумен күреске өткен тәулікте Төтенше жағдайлар комитеті бөлімшелерінің жеке құрамынан 500 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Қазіргі уақытта қызыл су 897 тұрғын үйден аластатылды. Глубокое ауданында 22 үй, Шемонайха ауданында 4 тұрғын үй әлі де судың астында қалып тұр. Жергілікті жерлерде суды сору мен басқа жаққа бұру жұмыстарымен өрт сөндірушілер бөлімшелерінің арнайы мамандандырылған отрядының мамандары айналысуда. Табиғаттың тосын сыйымен күреске Ұлттық гвардияның 60 жасақшысы тартылды. Жасақшылар Глубокое ауданындағы Прогресс елді мекенінде жекеменшік үйлердің аулаларын балдыр мен кір-қоқыстан тазартып, ұзындығы 500 метр арықты аршу жұмыстарын қолға алған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2018 20:55

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел штабының бүгінгі күнгі мәліметіне сай, өңірдің 33 елді мекеніне қарғын су мен еріген қар суы жайылған. Атап айтсақ Аягөз, Шемонайха, Өскемен мен Семей, барлығы алты қала және он екі ауданның тұрғындары қызыл судан зардап шекті.

Тақырыпқа қатысты басқа да жаңалықтарды мына сілтемеден оқи аласыздар

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: