Жаңалықтар тізбегі
0

Хакерлер 5 миллионнан астам банк картасының базасын бұзды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2018 16:27 Baq.kz
JokerStash деп аталатын Fin7 тобының хакерлері бес миллионнан астам америкалық несие карталарының деректерін ұрлады.

Gemini Advisory кеңес беру орталығының мәліметіне сәйкес, 125 мың карточканың ақпараты сатылымға қойылған. Жақын арада басқа деректер де анықталуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz.

JokerStash деп аталатын Fin7 тобының хакерлері бес миллионнан астам америкалық несие карталарының деректерін ұрлады.

Saks Fifth Avenue и Lord & Taylor дүкендерінде 2017 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге сауда жасап келе жатқан тұтынушылар зардап шеккен. Олардың көпшілігі Нью-Йорк және Нью-Джерси штатында тұрады.

«Қазіргі анықталған төлем карточкаларының саны хакерлік шабуылдар ішіндегі ең ауқымдысы, әрі зиянды болып отыр», - деп атап өтті киберқауіпсіздік саласындағы сарапшылар.

Бұған дейін бұл топ «Whole Foods», «Chipotle», сондай-ақ «Omni Hotels & Resorts» және «Trump Hotels» дүкендер желісі тұтынушыларының базасын бұзған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: