ҰБТ өткізілген 5 апта ішінде талапкерлер 470-тен астам ереже бұзды
Фото: Национальный центр тестирования
Елімізде ҰБТ өткізілген бес апта ішінде талапкерлер 470-тен астам ереже бұзды.
Бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Оның ішінде 300-ге жуық талапкер смартфон, смарт-көзілдірік, микроқұлаққап, шпаргалка сынды тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекет жасағаны үшін тестілеуден шеттетілді, деп жазады qazaqstan.tv.
Тағы 176 адам тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. 10 мамырда басталған емтихан 10 шілдеге дейін жалғасады.
Қатысуға шамамен 240 мың талапкер өтініш берген, оның ішінде 668-і – ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкер.
Қазіргі уақытта тестілеуден шамамен 236 мың талапкер өтті. Бесінші аптаның қорытындысына сүйенсек, талапкерлердің 67%-ы шекті балды жинаған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript