Жаңалықтар тізбегі
0

Көпқабатты үйлердегі домофонға қосымша қаржы төлеу заңды ма?

nashgorod.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2018 20:57 nashgorod.ru
Астанада бұл қызмет айына 300-500 теңге аралығында.

Бүгінде қаладағы әр үйдің кіреберісіндегі есікте тұратын, халық «домофон» атап кеткен электронды құлыпқа тұрғындар ай сайын ақша төлейді, деп жазады Қазақстан Ұлттық телеарнасы.

Алайда, бұл қаншалықты заңды? Әлеуметтік желіде қазір елордалықтар осы мәселені көтеруде. Тұрғындар бұл төлемнің үйдің ортақ қажеттіліктеріне енгізілуіне наразы.

Орнатқанда бір төлейсің. Кейін ай сайын тағы түбіртекпен шот келіп тұрады.«Бұл қалтаға аса салмақ салмай, аз-аздап халықтың ақшасын тонау»,- дейді жұрт.

Астанада бұл қызмет айына 300-500 теңге аралығында. Заңгерлер де бұл төлемнің міндетті емес екенін растап отыр. Қазіргі таңда Астана қаласы бойынша осы құрылғыны орнатып, қызмет көрсететін 40-қа жуық компания бар. Олардың пікірінше, егерде бұл төлемді алып тастаса, есіктердің көпшілігі көп ұзамай бұзылып қалады.

Григорий Бауман, кәсіпкер: - Есіктің дұрыс жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету көп еңбекті талап етеді. Егерде оны қадағалап, жөндеп тұрмаса, онда ол бір жылдан кейін бұзылуы мүмкін. Қарапайым ғана мысал, мәселен, есікті майлап тұрмаса, ол тот басып сынып қалады. Сондықтан да, мен бұл төлемді алып тастау керек деген пікірмен келіспеймін.

Біз сұхбаттасқан компания 4 мыңға жуық пәтерге қызмет көрсетеді. Ол электронды құлыптардың дұрыс істеп тұруын бір ғана маман қадағалап, жөндеп тұрады екен. Ал, қала тұрғындарының көпшілігі бұл төлемнің бар екенін де білмейді. «Келіп жатыр, төлеп жатырмыз»,- дейді.

Шерхан Жамбылұлы: - Иә, құпиясы бар құлыпқа ай сайын төленетін ақша көп емес секілді. Бірақ, қала масштабы тұрғысынан қарасақ, әжептеуір қаржы жиналады. Мұны есептеу соншалықты қиын шаруа емес. Астанада қазіргі таңда 300 мыңның төңірегінде пәтер бар. 300 мыңды 350-ге көбейтсек 105 млн. теңге. Бұл тек айына. Ал, жылына миллиард теңгеден асады.

Шерхан Жамбылұлы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: