Жаңалықтар тізбегі
0

Дәмханадағы депозит заңды ма

Дәмханадағы депозит заңды ма?, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2024 09:15 Сурет: pixabay
Мейрамхана мен кафелердегі депозиттік жүйе мен 10 пайыз қызмет ақысын төлеу тұтынушының міндеті. Бұл - мекеме басшылығы бекіткен талаптар.

Көңіл көтеру немесе тамақтану орындарының өздері "депозит" деп атап кеткен төлемді алдын ала талап етуі үйреншікті жағдай. Яғни, сіз қоғамдық орын басшысы бекіткен ақшаға тапсырыс беруіңіз керек. Егер сіз ішіп-жеген тағамдар мен сусындар ол сомаға жетпесе, мекеме артылған ақшаңызды қайтарып бермейді.

"Алдын ала келісім болған жағдайда, мысалы біздің депозит 100 мың теңге, бұл минималды сома және бұдан кем болмау керек деп тұтынушы оған алдын ала төлем жасап тапсырыс берген жағдайда бұл қайтаруға жатпайды. Жалпы минималды сома 100 мың және оған жетпей қалып артындағы қалған сомасын сұрайтын болса, онда тұтынушыныкі дұрыс емес. Депозит деген нәрсенің өзі сіз осы сомадан кем емес тауарды алуға міндеттісіз деген алдын ала келісім. Демек екеуінің ортасында негізгі келісім болды." Тойгүл Жұбанысова, СИМ Сауда комитетінің ресми өкілі

Дәмханалардағы 10 пайыздық қызмет құны да тура осындай ережемен жұмыс істейді. Яғни, мәзірге жазылса немесе сізге ауызша ескертілсе даяшының үлесін беруге міндеттісіз, деп жазады qazaqstan.tv.

"Қызмет жасағаны үшін ақы 10 пайыз бар деп жазылған болса, соны оқып тұрып маған бір шәй, екі нан, бір сорпа әкел деп тұрса келісті деген сөз ғой." Айдар Әбілдабеков, ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы

Қысқасы, тапсырысты алғанға дейін сізге, не депозит, не қызмет құны туралы айтылмаған жағдайда ғана оны төлуден бас тарта аласыз. Ал, заңгер Аржан Садуақас кәсіпкерлердің бұл талабын заңсыз, олар тауар мен қызметті мәжбүрлеп сатып отыр деп санайды.

"Мен мысалы 10 мың теңгеге тамақ іштім, маған ол жеткілікті. Бірақ олар айтады сіз депозит төледіңіз 30 мың теңге. Сіздің 20 мың теңгеңізді қайтармаймыз немесе сатып алыңыз дейді белгілі бір тауарды. Ол мәжбүрлеу болып саналады. Тұтынушы кез келген пайдаланбаған ақшасын қайтарып алуға міндетті. Пайдаланбаған соманы ұстап қалу заңсыз. Бізде ешқандай заңнамада көрсетілмеген." Аржан Садуақас, заңгер, адвокат

Заңгер "министрлік тек бизнестің мүддесін қорғап отыр, ал тұтынушы құқығы тапталып жатыр", — дейді. Тіпті, мұндай лоббидің наразылыққа алып келуі мүмкін екенін ескертеді. Ал, кәсіпкерлер мұны бизнесті сақтап қалудың жолы деп отыр.

"Әртүрлі тұтынушы болады. Біз депозит алмасақ, алғашқы төлем алмасақ ол күніміз күйіп кетуі мүмкін. Депозит деген дүние біз үшін, кәсіпкерлер үшін ол кепілдік. Сондықтан, ақша қайтарылмайды." Жанар Атагелдиева, кәсіпкер

Ең қызығы депозит деген сөзді қолданудың өзі заңсыз екен. Ол сотта тұтынушыға қарсы жұмыс істеуі мүмкін. Себебі, аталған термин тек банк жүйесінде қолданылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: