Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық банктер салымшыларынан айырылып жатыр

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2018 21:34 sputniknews.kz
Сарапшылар мәлімдегендей, қазақстандық банктер салымшыларынан айырылып жатқанымен, мәселе ушығып тұр деуге келмейді.

Қазақстан банктеріндегі жеке депозиттер саны ақпан айында 0,4%-ға азайды, ұжымдық депозиттер — 3,1%-ға, деп хабарлайды sputniknews.kz FinProm.kz порталы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

"ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі салымдардың жалпы көлемі 2018 жылдың ақпан айының соңында 16,5 триллион теңгені құрады – бұл биыл қаңтар айындағы көрсеткіштен 1,8%-ға кем. Алайда бір жыл ішіндегі көрсеткіш айтарлықтай өзгерген жоқ.

Салымдардың жалпы көлемі былтырғы деңгейде қалса да, құрылымында бірқатар өзгеріс бар.

"Ұжымдық салымдардың үлесі бір жыл ішінде 53,9%-дан 50,7%-ға дейін төмендеді, яғни 530,1 миллиард теңгеге қысқарып, 8,4 триллион теңгені құраса, жеке салымдар үлесі 46,1%-дан 49,3%-ға артып, 8,1 триллион теңге болды", — деп хабарлайды портал.

Салым көлемінің ұлғаюы бойынша көш бастап тұрған – Сбербанк:175,7 миллиард теңге өсім байқалады. Бұл банк ұжымдық және жеке депозиттердің өсімі бойынша екінші деңгейлі банктер ішінде үздік бестікке кіреді. Одан кейін Kaspi – өсім көлемі 170,8 миллиард теңге және ForteBank — 152 миллиард теңге.

Әрі қарай үздіктер тізімінде салым мөлшері 120,8 миллиард теңгеге артқан Qazkom және Тұрғын үй жинақ банкі – 113 миллиард теңге.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: