Мүлкі су астында қалған семейліктерден өтініш қабылдау басталды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2018 22:01 ҚазАқпарат
Тұрғындардың өтініштерін қабылдау 3 ауданда құрылған штабта жүргізіллуде.

Семей қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтардың мүлкін қалпына келтіруге байланысты өтініштерді қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғындардың өтініштерін қабылдау 3 ауданда құрылған штабта жүргізіллуде. Атап айтқанда, Бобровка саяжайы - № 44 мектеп, Пристань ауданы - №18 мектеп, Мирный кенті - №2 мектепте.

Сонымен қатар, қазір су тасқынынан зардап шеккен Мирный кенті, Бобровка саяжайы мен Пристань ауданының тұрғындарына «Нұр Отан» партиясының филиалына жиналған азық-түлік таратылып жатыр.

Қазіргі кезде баспаналарына оралған тұрғындар көмір, ағашпен қамтамасыз етілуде. Бүгінгі күнге дейін 40 тонна қатты отын таратылған. Ал №№ 2,18, 29,44,39 мектептер осы аудандардағы оқушылардың ата-аналарына қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын беретін болды.

«Кешеден бері тұрғындарға көмір, тамақ, киім-кешек жеткізіліп жатыр. Барлық жағынан қолдау көрсетілуде. Бүгіннен бастап мүлкін қалпына келтіруге байланысты өтініштерді қабылдау басталды. Қазір арнайы комиссия жұмыс жүргізуде. Барлығын есептеп болған соң арнайы көмек беріледі», - деді қалалық Азаматтық қорғаныс жедел штабы ақпараттық қызметінің өкілі Мейіржан Амангелдиев.

Сондай-ақ, Түйемойнақ аралындағы биологиялық орталықта және Пристань ауданын апаттан кейін үйіліп қалған қоқыс қалдықтарынан тазалау жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыс жоғары оқу орындар мен колледж студенттерінің көмегімен жүргізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: