Жаңалықтар тізбегі
0

ОҚО-да су шайып кеткен ескі қорымдағы сүйектер басқа жерге жерленетін болды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2018 18:09 ҚазАқпарат
Қорымның астынан бес бірдей бұлақ көзі шыққан.

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданындағы су шайып кеткен ескі қорымдағы сүйектер басқа жерге жерленетін болды. Бұл туралы қорым орналасқан Зертас ауылының әкімі Лесбек Серікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімнің сөзінше, қорымның астынан бес бірдей бұлақ көзі шыққан. Ондағы сулар қорымның жанын жарғабаққа айналдырған. Салдарынан бірнеше адамның сүйектер суға ағып кетіпті.

«Қорымның жанындағы өзеннен 6 мың текше метрге дейін су ағуда. Қазір біз қорымның жанына қауіпті аймақ деген белгі қойып, сүйектерді біртіндеп басқа жаққа көшіріп жатырмыз. Ол оңай шаруа емес. Алдымен марқұмдардың туыстарын тауып, олардың рұқсатын алуымыз керек. Әзірге үш адамның сүйегі көшірілді. Енді 22 адамның мүрдесін көшіруді жоспарлап отырмыз», - дейді Лесбек Серікбаев.

Ауыл әкімі қорымды су шаю оқиғасы қоршаған ортаға зияны тимейтінін айтады. Оның сөзінше, бұлақтардың суы бүгінгі күні тап-таза.

«Біз өңірлік Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне арнайы хат жолдадық. Онда бұлақ суының тазалығын тексеріп, инфекция бар жоғын анықтап беруді сұрадық. Тиісті департаменттің мамандары келіп бәрін тексерді. Судан ешбір инфекция немесе зиянды нәрселер табылмады. Бұл суды ауыл тұрғындары тұтынбайды. Ол тікелей Тоғыс су қоймасына құйылады», - дейді Зертас ауылының әкімі.

Ал, әзірге жергілікті билік қорымды көшіру үшін ауа райының жылынуын күтіп отыр. Өйткені жаңбыр жауса судың деңгейі көтеріліп, бірқатар қиындықтар туғызады екен. «Күн жылы кезде су азайып, жұмыстарды бастауға болады», - дейді әкім.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: