Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық актриса атышулы Дәурен Айдарқұловтың ашынасы болғысы келетінін айтты

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2018 21:28 Stan.kz
Жена – не стена! Қазақстандық киноөндірістің қоржынын тағы бір картинамен толықтырған – Асқар Бисембин.

Күні кеше «Жена – не стена!» деген атаумен отандық кинотуындының тұсауы кесілді. Қызқұмар жігіттің өмірін суреттейтін картина сценариі, құдды бір Дәурен Айдарқұловтың өміріне арнап жазылғандай. Айтпақшы, бұл пікірмен атышулы актердың өзі де келісіп отыр. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Жена – не стена! Қазақстандық киноөндірістің қоржынын тағы бір картинамен толықтырған – Асқар Бисембин. Режиссер кезекті комедиясы арқылы отбасылық құндылықтарды насихаттауды көздеген. Басты рөлді сомдаған Дәурен Айдарқұлов, түсірілім алаңына тосыннан келген екен.

“Алғашқы таңдауым Кенталға түскен. Бірақ Кентал бауырым мені кешірсін. Себебі бұл рөлге Дәуренді көбірек лайық деп таптым”, – дейді Бисембин.

“Жалпы, кино да, рөл де, сценарий де ұнады. Сол себепті кинода Кентал емес, мен болып қалдым. Кентал, ренжіме!” – дейді Айдарқұлов.

Режиссердың таңдауы тегін болмай шықты. Фильмнің желісі бойынша өзге әйелге аңсары ауған Айдарқұлов, некелі жарының көзіне шөп салады. Актердың айтуынша кинодағы кейіпкер, өмірдегі Дәуреннің көшірмесі көрінеді.

“Өмірдегі Дәуренге де бұл образ қатты ұқсайды деп айта аламын. Иә, негізі осындаймын”, – дейді Айдарқұлов.

Алғашқы көрермендердің комедияға көңілі толғанымен, Дәуреннен мұндай жауапты күтпеген…

“Қате дүние енді. Сен өмірлік жарыңды таңдаған соң, міндетті түрде онымен бүкіл өміріңді сүруге тиіссің”, – дейді тележүргізуші Марат Оралғазин.

Ал, Айдарқұловтың талантына тәнті болған Айнұр Ілиясова, атышулы актерды әрдайым қолдайтынын айтады.

“Дәуреннің әйелі болғың да келеді, Дәуреннің ашынасы да болғың келеді. Дәурен өте тартымды. Көре бергің келеді. Қарай бергің келеді оған”, – дейді Айнұр Ілиясова.

Ал, екі әйелдің ортасында сайран салған қызқұмардың ендігі тағдыры не болмақ?! Жауап: «Жена – не стена» картинасында. Көпшілік көптен күткен комедия, 5-ші сәуірден бастап үлкен экранға жол тартады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: