Қазақстанның бірнеше облысына су басу қаупі төнді
zakon.kz
Таяу күндері еліміздің солтүстігі мен орталығында су тасқыны болуы мүмкін.
Осы аптада Қазақстанның бірнеше облысына су басу қаупі төніп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Үлкен су 7 сәуірде келуі мүмкін.
"Қолдағы болжау мәліметтеріне сәйкес, осы жылдың 7-8 сәуірінен бастап Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны болады. Аталған өңірлерде жағдай қиындауы мүмкін. "Қазгидромет" РМК сәуірде жауын-шашын нормадан көп түседі деп болжап отыр. Жауын-шашын 8, 9, 10 және 11 сәуірде түседі деген болжам бар", — деп мәлімдеді ол брифингте.
Беккер Шығыс Қазақстан облысындағы жағдай әлі де күрделі екенін атап өтті. Зырян ауданында 107 үйді су басып тұр.
22 ақпан мен 5 сәуір аралығында күн күрт жылынып, қардың жылдам еруі салдарынан елімізде 1 500 үй суда қалды. Су ШҚО, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласының 50 елді мекеніне келді.
Төрт мыңнан астам адамды көшіруге тура келген, оның үш мыңнан астамы өз үйіне оралды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript