Астанада аялдаманы соққан жүргізушіге 2 млн теңге айыппұл салынды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2018 15:44 ҚазАқпарат
Жылжымайтын меншікті жөндеуге кеткен қаражат 1 921 795 теңгені құраған.

Астанада аялдаманы соққан шетелдік көлік жүргізушісіне 2 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Mitsubishi жүргізушісі көлікті басқара алмай, елордалық компаниялардың біріне тиесілі аялдама кешеніне барып соғылған. Ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылып, айыпты деп танылды», - делінген хабарламада.

Жылжымайтын меншікті жөндеуге кеткен қаражат 1 921 795 теңгені құраған. Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты осы материалдық шығынды жүргізушіден өндіруге шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: