Жаңалықтар тізбегі
0

ОҚО-да биыл төртінші үшем өмірге келді

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2018 23:35 ҚазАқпарат
Қазір сәбилердің жағдайы тұрақты, анасы оларды өзі емізіп жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында тағы да үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мүслім, Ислам және Имран деп ат қойылған балаларды Мақтаарал ауданының тұрғыны Қарлығаш Қабылова өмірге әкелді. Бақытты ана осымен үшінші рет босанды, үшемді үйінде ағасы мен әпкесі күтіп отыр.

Сәбилер 3 жүктіліктің 35-ші аптасында туды, олардың салмағы 2-2,5 кг аралығында. Дәрігерлер екі апта бойы олардың денсаулығын мұқият бақылады.

Қазір сәбилердің жағдайы тұрақты, анасы оларды өзі емізіп жатыр. Балалардың ата-анасы ерекше қамқорлық көрсеткен Шымкенттегі №4 облыстық перинаталдық орталық дәрігерлеріне алғыс айтады.

Еске сала кетейік, осымен биылдың өзінде төртінші рет үшемдер өмірге келді. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, облыста жыл сайын 7-13 үшем туады. Соңғы 10 жылда үшемдер саны 81-ге жеткен.

Айтпақшы, осы перзентханада үшеммен қатар осы аптада 4 егіз дүниеге келді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: