Жаңалықтар тізбегі
0

«100 жаңа оқулық» жобасына 800-ден астам оқулық ұсынылды – Ұлттық аударма бюросы

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2018 17:53 Baq.kz
Мамандардан құралған арнайы жұмыс тобы аударылатын оқулықтарға қойылатын талаптарды анықтады.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аудару үшін 800-ден астам оқулық ұсынылды. Бұл жөнінде аталған жоба бойынша аударылып, жарық көрген алғашқы 18 оқулықтың тұсаукесер салтанатында Ұлттық аударма бюросының директоры Рауан Кенжеханұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламада аталған алты арнайы жобаның қай-қайсысы да жеке мемлекеттік бағдарлама болуға лайық дара бастамалар. Дегенмен де, меніңше, олардың бірі де бірегейі - «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Өйткені, кез-келген қоғамның күші - білімде, ал кез-келген тілдің қуаты – ол тілдегі мазмұнында. Олай болса, бұл бастама тілдің қауқары мен қоғамның әлеуетін де биікке көтеретін тегеурінді тетікке айналды. Ел ішінде үлкен мен кішіге бірдей тартымды, сырттағы мамандар да бірауыздан қолдаған секем тудырмас сәтті шешім десек, артық айтқан болмаспыз», - деді Р.Кенжеханұлы.

Сондай-ақ, ұлттық бюро директоры Елбасы тапсырмасы бойынша аталған жобаны іске асыру үшін үкіметтік емес және коммерциялық емес негізде жұмыс істейтін Ұлттық аударма бюросы құрылғанын атап өтті.

«Бүгін осы аса жауапты әрі өзіндік қиындықтары бар көп жұмыстың алғашқы нәтижелерімен таныстырудың сәті келді. «100 оқулық» жобасы жариялана салысымен еліміздің жоғарғы оқу орындарынан жалпы саны 800-ден аса аударылуы керек деген оқулыққа ұсыныс келіп түсті. Мамандардан құралған арнайы жұмыс тобы аударылатын оқулықтарға қойылатын мынандай талаптарды анықтады: оқулық дүниежүзіндегі маңдай алды 100 университеттің бағдарламасында болуы керек; кемінде 3 басылым көруі тиіс; мазмұны өзекті әрі идеялық тұрғыдан бейтарап болуы керек; оқулық заман талабына сай интерактивті үлгіде оқып-үйренуге мүмкіндік беруі қажет. Осындай талаптар негізінде философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, антропология, дінтану, журналистика, экономика мен кәсіпкерлік салаларын қамтитын алғашқы 18 оқулық іріктелді», - деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: