Жаңалықтар тізбегі
0

Whats App-та балағат сөз жазған әйел сот алдында жауап берді

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2018 16:11 sputniknews.kz
Whats App мессенджеріндегі ата-аналар чатында болған жайттың салдарынан "тіл тигізген" әйел сот алдына келді

Қарағандыда сот интернет-чатта ата-аналардың біріне тіл тигізу жайты бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Қазыбек би аудандық соты Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Әйел адам сот алдында басқа бір оқушының анасына "тіл тигізді" деген бап бойынша сот алдына келді. Анықталғандай, екі әйелдің балалары №45 гимназияның екінші сынып оқушысы екен, екеуі де Whats App мессенджеріндегі ата-аналар чатында болған.

Биыл қаңтардың ортасында қатты аяз болғанына қарамастан, ата-аналардың бірі сынып жетекшісіне сабақ өткізуді ұсынады. Сөйтіп олар бұл мәселені ортақ чатта талқыламақ болған. Бұған жауап ретінде басқа бір оқушының анасы балағат сөз жазыпты. Ол бұл үшін кешірім сұрап, балағат сөзді өшіріп тастайды. Алайда тіл тиген әйел скриншот жасап үлгеріпті.

Сотталушы бұл оқиға Т9 редакторының кесірінен болғанын алға тартты. Сот әйел адамды кінәсіз деп таныды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: