Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарлық оқушылар калифорниялық құрттарды өсірумен айналысуда

www.pavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2018 18:02 www.pavlodarnews.kz
Калифорниялық қызыл құрт өте қысқа мерзім арасында «гумус» деп аталатын органикалық заттектерін өндіреді.

Павлодарда №30 мектептің оқушылары мектеп жанындағы учаскені күту бойынша жоба құрастырып шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова айтты.

- Калифорниялық құрттарды жоғары бағалаған №30 мектептің оқушылары мен биологтары жәндіктерді жақынырақ танып білуге бел байлады, - деді Балжан Әділханова. – Жұмыс барысында оқушылар өсімдіктерді өсірумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге экожүйенің басқа да өкілдерімен танысады. Жұмыс тобына енген 8-9 сыныптардың оқушылары мектеп жылыжайында оларды өсіру үшін қажетті жағдайлар жасады.

Американдық құрттарға қажетті ағаш ыдыс дайындап, көң, ағаш жаңқасы және ұсақталған жұмыртқа қабығы сияқты барлық дәмді тамақ түрлерін салды. Оқушылар маусым айында атқарылған жұмыстың нәтижесін көреміз деп тағатсыздана күтуде.

Калифорниялық қызыл құрт өте қысқа мерзім арасында «гумус» деп аталатын органикалық заттектерін өндіреді. Сондықтан бұл жәндіктерді нағыз «стахановшы» деп таныған. Құрттың барлық органикалық қалдықтарды (көң, ағаш жоңқаларын, сабанды, ас қалдықтарын) өңдеудегі тамаша қабілетінің арқасында шымқай экологиялық, мінсіз, қалдықсыз тұйық технологияны жасауға болады.

Бұл құрттардың басты артықшылығы –16 жылға дейін өмір сүруінде. Айта кетейік, құрттардан алынған биогумус өнімді бір жарым, екі есе ұлғайтады, тұқымның және өсімдіктердің өсіп-өнуін тездетеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: