Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-ның өзен-көлдерінде балық аулауға тыйым салынды

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2018 22:33 www.inform.kz
Ертiс бассейнiне жататын су көздерінде уылдырық сәл кешігіп шашылғанымен тыйым мерзімі екі күнге қысқа.

Уылдырық шашу маусымы басталғандықтан, Шығыс Қазақстанның су қоймаларында балық аулауға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шектеу әр су қоймасында әртүрлі мерзімге белгіленген. Өйткені, жергілікті аумақтың климаты мен су бассейндерінің қасиеті әртүрлі. «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулаға тыйым салу шараларын реттейтін арнайы бұйрық бар.

Соған сәйкес, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 15 сәуірден 1 маусымға дейін балық аулауға тыйым салынады» - дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының маманы Ақерке Тұрсынханова. Маманның сөзінше, Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және сағалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 10 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға болмайды.

Ертiс бассейнiне жататын су көздерінде уылдырық сәл кешігіп шашылғанымен тыйым мерзімі екі күнге қысқа. Зайсан көлінде және Бұқтырма су қоймасының Қарақастан Батин шоқысына дейінгі бөлігінде 16 сәуiрден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта қармақ салып, ау құруға шектеу қойылған.

Ал Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС-не дейiнгі бөлігінде 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға болмайды. Ертіс өзенінің өзінде Өскеменнен бастап Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейін 10 мамырдан 10 маусымды аралығында балық аулауға тыйым енгізілген.

«Уылдырық шашу мерзімінің басталуына орай құқық қорғау орындары жер-жерлерде арнайы рейд өткізе бастаған болатын. Рейд барысында 49 адам балық аулау ережесін бұзғаны анықталған. Мысалы, Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында 3 адам Зайсан көліне Қайтадан жасалған ау құрған жерінен ұсталды» - дейді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметшісі Азамат Раисов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: