Мақпал Жүнісова Бүркіттің қызына көрімдігін доллармен берді
dalanews.kz
Халық әртісі Бүркітті қуанышымен құттықтап келіп, Бүркіттің анасына иіліп сәлем салған.
Мақпал Жүнісова Бүркіттің қызына көрімдігін доллармен берді, деп жазады Today.kz.
Халық әртісі Бүркітті қуанышымен құттықтап келіп, Бүркіттің анасына иіліп сәлем салған. Кейін көрімдік ретінде сыйлығын ақшалай берген.
Бұны көрген әлеуметтік желі қолданушылары Мақпалдың қарапайымдылығы мен жомарттығына тәнті болды.
Мақпал Бүркіттің 2016 жылы туған ұлына да 1000 доллар көлемінде көрімдік берген еді.
Айта кетейік, Бүркіт пен Айшаның екі ұлы бар. 17 сәуірде көп күткен қыздары дүние есігін ашты. Кеше Бүркіт бір топ жора-жолдасымен бірге жұбайы мен қызын перзентханадан салтанатты түрде шығарып алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript