Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жел соғып, жаңбыр жауады

aqmeshit-aptalygy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2018 15:27 aqmeshit-aptalygy.kz
Республиканың басым бөлігінде найзағай, жауын-шашын сақталады,

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағай, жауын-шашын, тұман, екпінді жел сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, дауыл, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, Алматы облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: